FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт. Порталда кәсіби заңгер кеңестері, құқықтық сауатты арттыруға бағытталған материалдар жарияланады. Қоғам талқысына түскен сот процестерінен ақпарат таратады.
Жеті жарғы – отбасы және неке, көші-қон және жер дауы, азаматтар мен мемлекеттік орган арасындағы құқықтық дау, салық және кеден дауларын қамтитын бөлім. Мұнда әкімшілік құқық бұзушылық үшін артылатын жауапкершілік пен төлеу міндеттелетін айыппұл туралы білуге болады.
Закон қуаты – оқырманға құқық, заң жобалары жөнінде кәсіби әрі түсінікті ақпарат ұсынатын айдар. Мұнда заңгерлер азаматтар жиі қоятын сұраққа жауап беріп, қандай да бір әрекетке құқықтық тұрғыдан баға береді. (Ескере кететін жайт: қандай да бір әрекетте құқық бұзушылық бар-жоғын сот шешеді).
Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша Конституциядан бастап Қазақстанның барлық заңындағы, кодексіндегі өзгерістерді нақты дереккөзге сүйеніп дер кезінде жариялап отырады.
Қылмыс пен жаза – азаматтар арасында резонанс тудырған және құқықтық маңызы бар қылмыстық істер туралы ақпарат жарияланатын бөлім. Мұнда күдіктіні қамауға алу, тергеу, айып тағу, үкім шығаруға дейінгі аралық қамтылады. Одан бөлек қылмыстық іске қатысушы тараптардың пікірі жарияланады. Ескере кететін жайт: сот барысынан жарияланған ақпарат автордың жеке пікірін білдірмейді.

