Ішкі істер министрлігі ішкі ведомство қызметкерлерінің арнайы киім кию қағидаларын жаңартты.
Соған сәйкес, қызмет уақытында полицей арнаулы атағына сәйкес киіммен жүруге тиіс. Қызметтік міндетін азаматтық киіммен атқаруға ресми түрде рұқсат берілген қызметкерлерге бұл талаптың қатысы жоқ.
ІІМ қызметкерлері киімнің үш түрі қарастырылған:
- салтанатты – мемлекеттік және салтанатты іс-шараларға, рәсімдерге, ресми қабылдауларға, халықаралық кездесулерге, марапат табыстауға және құрмет көрсетілетін жерлеу шараларына қатысу үшін;
- күнделікті – күнделікті қызмет атқару, кеңестерге, жұмыс кездесулеріне қатысу және қызметтік мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін;
- арнайы – оқу-жаттығу, даладағы іс-шараларда және басшылық шешімі бойынша өзге де жағдайларда киіледі.
Киім жазғы, қысқы және маусымаралық болып бөлінеді.
Бұйрық 2026 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.






