Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы: қос тарап арасында дау неден шықты

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы: қос тарап арасында дау неден шықты

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
16.08.2026

Астанада 2026 жылдың 18 тамызында Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталады. 

Ұлдана Мырзуанның қазасы 

2025 жылдың 8 қарашасында Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Оқиға орнына көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлады. Олардың бірі – Ұлдана Мырзуан 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, Астана полициясы тергеуді қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша жүргізген.

Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 6 тамызда Астана сотына түсті.

8 айдан кейінгі той

2026 жылдың шілдесінде Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнелдің шаңырақ көтерген видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары қайғылы оқиғадан небәрі 8 ай өткенін жазып, ер адамның әрекетін сынады. 

Содан кейін Әділет Зейнел «Народная партия Казахстана» YouTube каналына сұхбат беріп, той өткізгенімен заңды некеге отырмағанын айтты.

Сөзінше, Ұлдананың отбасына екінші рет үйленіп жатқанын айтпаған. Себебі екі отбасы арадағы қарым-қатынасты үзген. 

Әділет Зейнел қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтқан. Сөзінше «істі соңына дейін жеткізіп», «әділдікке қол жеткізгісі» келеді.

Содан кейін қайтыс болған Ұлдана Мырзуанның анасы мен әпкесі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, жағдайда қатысты өз нұсқасын айтты.

Ұлдананың анасының айтуынша, екі отбасы арасындағы келіспеушілік 2026 жылдың ақпанында басталған. Сол кезде құдағиы (Әділет Зейнелдің анасы — ред) хабарласып, банкте өтелмеген несие туралы айтқан.

«Маған құдағиым хабарласып, несие төлеу керек екенін айтты. Сосын маған «отказной» (мұрадан немесе құқықтан бас тарту) жазып бересіз бе деп сұрады. Мен бұл сұраққа таңғалдым», – дейді марқұмның анасы.

Осы әңгімеден кейін Ұлдананың анасы заңгердің көмегіне жүгініп, банкке барған. Ол қызының атына қандай да бір қаржылық міндеттемелердің тіркелген-тіркелмегенін тексерген.

Тексеру барысында Ұлдананың атына ешқандай несие немесе қарыз рәсімделмегені анықталған. Марқұмның банктегі шоты 21 қарашада толық жабылған. 

Ілмек: АстанаҰлдана Мырзуан
Бөлісу235ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Адам өлімі, эксгумация және қылмысты ашу: сот-медициналық сарапшы немен айналысады

Адам өлімі, эксгумация және қылмысты ашу: сот-медициналық сарапшы немен айналысады

Автор: Айгерім Таубай
26.12.2025
0

Сот-медициналық сарапшының басты міндеті – адамның неден қайтыс болғанын анықтау. Мамандарға ересек адамға қарағанда сәби мен жасөспірімнің...

«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

Автор: Айгерім Таубай
24.12.2025
0

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі – шартты түрде 5 жылға сотталған Елжан Біртанов сұқбат беріп, тергеудің екі жылға созылғаны,...

Активтерді заңсыз шығарып жатқандар қазір де бар – әділет вице-министрімен сұқбат

Активтерді заңсыз шығарып жатқандар қазір де бар – әділет вице-министрімен сұқбат

Автор: Айгерім Таубай
23.12.2025
0

Мәжіліс «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Бұл заң жобасы елден...

© Photo : Мемлекеттік би театрының баспасөз қызметі

«Өңірлерде балет театры жоқ»: балерина би өнерінің дамуы жайлы ойын айтты

Автор: Айгерім Таубай
22.04.2022
0

Балет – қойылымның мазмұнын әуезді музыка мен ырғақты би арқылы жеткізетін әдемі өнер. Сұлулықты, кейіпкердің көңіл күйін,...

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

21.07.2026
Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

10.05.2026
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.