Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өту

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өту

«Үй арзандаса, сапасы нашарлайды»: экономист баспаналы болғысы келетіндерге кеңес берді

Әлеуметтік желіде Dauletten деген атпен таныс экономист Дәулет Мұқаев баспана алу, кәсіп бастау үшін де алдымен сенім қажет дейді

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
27.02.2021

АЛМАТЫ, 28 ақпан –  Sputnik. Экономист, тұрғын үй саласындағы сарапшы Дәулет Мұқаев үй алу кезінде тиімді бағдарламалар мен жылдық процентті төмендетуге көмектесетін бағалау көрсеткішін түсіндірді. Ол Sputnik Қазақстан тілшісімен әңгіме барысында тұрғын үй бағасының шарықтауына, ақша жинау жолдарына тоқталды.

Тиімді-тиімсіз бағдарламалар

Әлеуметтік желіде Dauletten деген атпен таныс экономист баспана алу үшін де, кәсіп бастау үшін де ең алдымен сенім қажет дейді.

«Адам өз болашағына сеніп, негативті жинай бермегені жөн. Барлығы қолымнан келеді, істей аламын деп, үй алатынына сенуі керек. Жалпы алғанда үй алуға, әрекет етуге ниет пен сенім қажет. Екінші кезекте табыс табуға ұмтылуы керек. Себебі тегін үй жоқ. Ешкім нарықтық экономикада тегін үй бере салмайды. Соны да ескеруіміз керек. Үнемі әрекетке берекет деп айтып жүремін. Табыс тауып, табысты молайту керек», — дейді Дәулет.

Дей тұрғанмен ақшаны жинаумен қатар тиімді бағдарламаны таңдау да маңызды. Осы тұста Дәулет Мұқаев халық «Отбасы банк», «7-20-25», «Баспана хиттен» хабардар екенін айтып, «Орда» бағдарламасының тиімді тұстарына тоқталды.

«Кейінгі кезде айтылып жүрген «Орда» ипотекалық бағдарламасының бір тиімді тұсы бар. Атыңызда үй болса, соны кепілге қойып, бастапқы жарнасыз да үй алуға мүмкіндік береді. Бірақ ол жерде банктің проценті – 12-14%. Процент табыс деңгейін растау бойынша белгіленеді. Десе де бір артықшылығы, үйді кепілге қойып, жаңа үй алуға болады», — дейді экономист.

Ал халыққа тиімсіз бағдарламалар жылдық проценттің жоғары болуымен өлшенеді.

«Банктің ішкі стандарт бағдарламалары болады. Ол жерде жылдық процент 16%-тен асады. Тіпті 25-28%-ке дейін жоғары болып кетеді. Бұл жерде 12 миллион теңге тұратын үйдің бағасы сатып алушыға 28 миллионға түседі. Бұл бағдарламалар туралы жазбаймын. Себебі өте тиімсіз», — дейді ол.

«Отбасы» банкте ақша жинау

Экономист Дәулет Төлеутай әлеуметтік желідегі парақшасында «ОП (оценочный показатель) түсінбеген опық жейді» деген тіркесті жиі қолданады. Бұл жердегі ОП – бағалау көрсеткіші. «Отбасы банкте» ақша жинайтындарға арналған көрсеткіш.

«Бағалау көрсеткіші өскен сайын банкке төлейтін ақша азая береді. «Отбасы банк» бағалау көрсеткішін өсіру үшін кемі үш жыл бойы ақша жина дейді. Сол үш жыл жинаған кезде бағалау көрсеткіші 16-ға жетсе, табыс көзін растамай, бірден 5%-пен үй алуға болады», — дейді ол.

Экономист мысал ретінде 12 миллион теңге тұратын үйді «Отбасы банк» арқылы алу жолын есептеп берді.

«12 миллион теңге тұратын үйді «Отбасы банк» арқылы алатын болсаңыз, үш жыл ішінде ол соманың тең жартысын – 50%-ін жинайсыз. Бағалау көрсеткіші 16 болған кезде ипотека 6 жылға 5%-пен беріледі. Ол кезде 12 миллион теңгенің үйіне артық төлем 957 000 теңге болады. Бір миллион теңгеге жетер-жетпес баға. Ай сайынғы төлем 96 630 теңге. Алматы, Нұр-Сұлтан секілді қалаларда 12 миллион теңгеге бір бөлмелі үй алған тиімді деп санаймын. Себебі адамдар пәтерді жалдап тұрғанда да сол ақшаны төлейді», — дейді Мұқаев.

Бағалау көрсеткіші өсу үшін ақша салу керек, дейді ол. Сондай-ақ, ақша жинаудың жолдары туралы да айтты.

«Ақша санағанды жақсы көреді. Есеп-қисапты жақсы көреді. Бірақ басқаның емес, өз ақшамызды санауымыз керек. Қарапайым өмірде өзгенің ақшасын көп санап кетеміз. Ең бірінші кезекте дәптер алып, өз ақшамызды санап, соны көбейту жолдарын қарастырсақ жақсы болар еді. 50 мың теңге тапсаңыз да, бес мың теңге жинап үйрену керек. Той мен беталды ақша жаратуды қысқарту керек», — дейді ол.

Банкке ақша салатындар арасында банктің банкрот болып қалу-қалмауы туралы сұрақ қоятындар көп.

«Ақша жинаған адамда мұндай сұрақ болуы орынды әрі заңды. Бізде kdif.kz деген сайт бар. Бұл – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ресми сайты. Қазақстанда бірінші деңгейлі бір ғана банк бар, ол – Ұлттық банк. Одан кейін екінші деңгейлі банкке Халық банк, Форте банк, Каспий банк, Сбербанк, т.б. банктер жатады. Оның ішіне «Отбасы» банк те кіреді», — дейді Мұқаев.

Айтуынша, Ұлттық банк ешкімге кредит бермейді. Екінші деңгейлі банктерді қадағалайды.

Сондай-ақ, Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры азаматтардың депозитіндегі сомаға жауап береді. Егер екінші деңгейлі банк банкрот болып қалса, қор кісі басына 15 миллион теңгеге дейінгі соманы қайтаруға кепілдік береді.

Пәтер бағасы арзандай ма?

Экономистің айтуынша, қазір шарықтап тұрған баспана бағасы арзандамауы мүмкін. Мұндай жағдайда үйдің сапасы да сын көтермейтін болады.

«Сұраныс бар жерде баға да өседі. Бұл – экономика заңдылығы. Қазір баспана бағасы шарықтап тұр. Бұл баға тұрақтауы мүмкін, бірақ арзандап кетуі екіталай. Оған тек бағдарламалардың талаптары ғана емес, доллардың өсімі, құрылыс материалдарының қымбаттауы, жұмыс күшінің айлығы әсер етеді», — дейді ол.

Мысалы, осыдан бес жыл бұрын құрылысшы 100 мың теңге алса, қазір сол жұмысқа 150-160 мың теңге сұрайды. Бәрі бір-біріне байланысты. Үйдің бағасы арзандап кетсе, оның сапасы да құлдырап кетеді. Нарықтық экономика заңдылығына сәйкес, соған көну керек, соған сай жұмыс істеу керек, дейді ол.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында баспана бағасын арзандатудың жолын ұсынды. Президент құрылыс компанияларымен алдын ала сатып алу келісімін жасасуды ұсынды. Соның нәтижесінде тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатылады.

Бөлісу234ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

Автор: Айгерім Таубай
25.12.2025
0

Елімізде 30 мыңнан аса саңырау және 17 мыңнан аса зағип азамат бар. Мамандардың айтуынша, бұл – тек...

© Sputnik / Александр Кряжев

Әлеуметтік желідегі кибербуллинг: себебі мен жауапкершілігі қандай

Автор: Айгерім Таубай
03.08.2021
0

Әлеуметтік желіде кибербуллинг тақырыбы жиі талқыланып жүр. Бұл – заманауи қарым-қатынас құралын пайдаланып қорқыту немесе қудалау. Ол...

© Sputnik / Анатолий Устиненко

Алты қызғалдақ үшін 9 млн теңге: «Қызыл кітаптағы» өсімдік пен жануар қалай қорғалған?

Автор: Айгерім Таубай
30.04.2021
0

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қатары сиреп, жойылу қаупі бар омыртқалы жануар мен өсімдіктер тізімі әр елдің "Қызыл...

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

© Photo : Мемлекеттік би театрының баспасөз қызметі

«Өңірлерде балет театры жоқ»: балерина би өнерінің дамуы жайлы ойын айтты

22.04.2022
© Photo : Серікгүл Салидың жеке архивінен алынды

Бір әйелдің екі күйеуі болуы керек пе? Психолог шулы мәлімдемесін түсіндірді

21.10.2021
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.