Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот басталды/фото: Серікбай отбасының архиві

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
21.07.2026

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары қайтыс болған Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс негізінде алдын ала сот тыңдауы басталды. 

Қылмыстық істі судья Саммидин Темиралиев қарайды.

2026 жылдың 21 шілдесінде өткен алдын ала сот тыңдауында сотталушы Шерхан Аймаханның адвокаты қылмыстық істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды сұрады. Сондай-ақ істің мән-жайы туралы БАҚ-та ақпарат жариялауға шектеу қоюды өтінді.

Ал Нұрай Серікбайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаров сот процесін БАҚ-та жариялап, тіпті процесті тікелей эфирде көрсетуді сұрап отыр. Өтінішхатында адвокат бұл іске қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударғанын, осы мәселе бойынша Құрылтайға жүздеген өтініш түскенін айтып өтті. Сондай-ақ сталкинг мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқанын, бұл сот процесі оның салдары қандай болатынын қоғамда ашық көрсетуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Алайда алдын ала сот тыңдауы сотталушы Шерхан Аймаханның денсаулығына байланысты кейінге қалды. Сотталушы сот залына келмеді. 

Нұрай Серікбайдың қазасы

Оқиға 11 қаңтар кешке Төлеметов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолында болған. 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болған. 

Содан кейін адам өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның қызбен бұрын таныс болғаны айтылды.

Қыздың туыстарының айтуынша, жігіт 2025 жылдың қазанында Нұрайды еркінен тыс алып қашқан. Оған қыз да, отбасы да көнбеген. Содан кейін отбасы полицияға арызданған, бірақ күдікті енді маңына жоламаймын деп уәде берген соң, Нұрай Серікбай кешірім берген. Бірақ кейін де қыр соңынан қалмай қойған. 

Мәйітханадағы сәт

Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде жазба жариялап, қайғылы оқиға болған күн туралы жазды. Айтуынша, күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен.

«Түнде полиция учаскесінен кейін мәйітханаға барып, Нұрайды көрдім. Сол кезде өзімді ұстай алмай, кішкентай баладай еңіреп жылап жібердім. Жүзі адам танымастай болып кеткен, киімі қанға боялған, денесінің бәрінде жарақат болды. 

…Осындай адамдар қоғамнан оқшауланып, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керек. Өйткені мұндай қылмыстың қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Іс бойынша барлық факті, сараптама мен дәлел бар», — деп жазды Сұлтан Серікбай.

Президент тапсырмасы

Осы жағдайдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

Бұл оқиға президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да жетіп, Ұлттық құрылтайда көтерілді. Мемлекет басшысы осы жағдайға байланысты Ұлттық құрылтайға 130-ға тарта хат түскенін айтты. 

«Күдіктінің маза бермей, қоқан-лоққы көрсеткені анықталды. Арты адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор бұл мәселені мұқият тексереді.

Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз. Бұл ұлттық беделімізге нұқсан келтіретін өрескел жағдай, қылмыс. Мұндай қатыгездікке жол беруге болмайды», – деді Тоқаев Ұлттық құрылтайда.

Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктіге сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, оның жасаған әрекетіне жауап беруге қабілетті екені айтылды. 

Тағылған айып

Шерхан Аймаханға қылмыстық кодекстегі үш бап негізінде айып тағылған: 

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы – «аса қатыгездікпен адам өлтіру».  
Ілмек: қылмыстық ісНұрай СерікбайШымкент
Бөлісу236ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026
0

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамызында өтеді. Осылайша парламент бір палаталы жүйеге көшуге қадам жасайды. FemidaMedia шілдеден...

«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026
0

Алматыда екі жасөспірім Дінмұхамед Есенгелді мен Ешім Қасымбек пышақ жарақатынан қайтыс болды. Полиция «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс...

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Автор: Айгерім Таубай
31.01.2026
0

Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға үкім шыққанына үш жылдан асты. Үкімге сәйкес экс-шенеунік 7 жылға...

Жанар Толыбаева

«Күнде түсіме кіреді»: Теннің өлімі бойынша сотталған Толыбаева алғаш рет сұхбат берді

Автор: Айгерім Таубай
03.06.2021
0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталғандардың бірі Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді....

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

25.12.2025
«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

24.12.2025
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.