Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Баян Алагөзова мен Динара Жанықұлованың ар-намысына тиген сынықшыға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Баян Алагөзова мен Динара Жанықұлованың ар-намысына тиген сынықшыға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
16.08.2026

Әлеуметтік желі арқылы тележүргізуші Динара Жанықұлова (Динара Сатжан — ред.) мен продюсер Баян Алагөзоваға тіл тигізген ақтөбелік Бағдагүл Лепесоваға қатысты іс сотта қаралды. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Лепесова кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады. 

Істің мән-жайы

Лепесова 2026 жылдың 13 мамыры TikTok-та «Мына Баян деген шалқып жүр ғой, Динара Сатжан екеуі. Олардың бәрі – сол қазынадан түскен ақша. Керек емес, итке керек емес жобаларымен үкіметтен бәленбай ақшаны қазынадан сыпырып алады» деген. Осылайша Жанықұлова мен Алагөзованың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

Әйел айтқан сөздерге сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізілген.

Сот отырысында Бағдагүл Лепесова кінәсін мойындамай, Баян Алагөзова мен Динара Жанықұлованы танымайтынын, оларға қатысты ешқандай жала жаппағанын, біреудің өміріне араласпайтынын, әлеуметтік желідегі парақшасында жәбірленушілердің сотқа берген видеосы жоқ екендігін, одан бөлек іс материалындағы видеоларды жасанды интелект көмегімен шығаруға болатынын айтты.

Сот отырысына Баян Алагөзова Лепесованың абыройы мен беделіне нұқсан келтіргенін айтты. Сондай-ақ видеодағы сөздер шындыққа жанаспайтынын, тек осыдан 4 жыл бұрын «Рауза» сериалына мемлекет қаражат бөлгенін, одан бері барлық жоба тек өзінің қаражаты есебінен жүргізіліп келе жатқанын мәлімдеді. 

Динара Жанықұлованың адвокаты да әйелді кінәлі деп танып, қатаң жаза беруді сұрады. 

Сот шешімі

Бағдагүл Лепесова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 1 557 000 (бір миллион бес жүз елу жеті мың) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Айыппұл ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәуліктен кешіктірмей төленуге тиіс.

Ілмек: айыппұлАқтөбе
Бөлісу234ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Полицейлер арнайы форманы қандай жағдайда киюге міндетті – ІІМ бұйрығы

Полицейлер арнайы форманы қандай жағдайда киюге міндетті – ІІМ бұйрығы

Автор: Айгерім Таубай
28.07.2026
0

Ішкі істер министрлігі ішкі ведомство қызметкерлерінің арнайы киім кию қағидаларын жаңартты.  Соған сәйкес, қызмет уақытында полицей арнаулы...

Адам өлімі, эксгумация және қылмысты ашу: сот-медициналық сарапшы немен айналысады

Адам өлімі, эксгумация және қылмысты ашу: сот-медициналық сарапшы немен айналысады

Автор: Айгерім Таубай
26.12.2025
0

Сот-медициналық сарапшының басты міндеті – адамның неден қайтыс болғанын анықтау. Мамандарға ересек адамға қарағанда сәби мен жасөспірімнің...

© Sputnik / Александр Кряжев

Әлеуметтік желідегі кибербуллинг: себебі мен жауапкершілігі қандай

Автор: Айгерім Таубай
03.08.2021
0

Әлеуметтік желіде кибербуллинг тақырыбы жиі талқыланып жүр. Бұл – заманауи қарым-қатынас құралын пайдаланып қорқыту немесе қудалау. Ол...

Актер Болат Әбділманов

Актер Болат Әбділманов: Халық әртісі емес, халықты қанаушылар

Автор: Айгерім Таубай
20.05.2021
0

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Жемқорлық деген – адамның мәдениетінің төмендігі, отанына, еліне деген махаббатының аздығы, иманның әлсіздігі....

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

21.07.2026
Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

10.05.2026
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.