Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

фото: gov.kz

«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026

Алматыда екі жасөспірім Дінмұхамед Есенгелді мен Ешім Қасымбек пышақ жарақатынан қайтыс болды. Полиция «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған жағдайдан кейін жалпы 12 адам қамауға алынды. KursivMedia қаза тапқан жасөспірімдердің отбасына барып, болған оқиғаның мән-жайын білді.

Екі жігіттің өлімі

Оқиға Алматының Алатау ауданында 30 сәуірде болған. Қайтыс болған Дінмұхамнд Есенгелдінің анасы Гүлнұр Абдрасилованың сөзінше, 17 жастағы ұлы достарына баратынын айтқан, содан оралмаған.

«Баламның жүрегіне, бүйрегіне, арқасының бәріне пышақ тыққан. Балам үйге қарай қашқан. Солай үйге жете алмай… Пышақ тыққан бала Димаштан жасы үлкен, оған дейін ақша талап еткен екен. Арады бір қыз бар дейді. Ішім ашиды, баламды ұрып, қолын сындырса, балам тірі қалар еді. Арбада отырса да, қасымда болушы еді ғой…», – дейді жасөспірімнің анасы.

Анасының сөзінше, Дінмұхамед қайтыс боларының алдында бәзбіреулердің өзінен ақша талап етіп жүргенін айтқан.

«Әпкесіне «артымнан қалмай жүр» деп айтыпты. Арты осылай боларын әпкесі де білмеді. Сол жерде болғандар Димашты үш рет пышақтағанын айтты. Олар үйге қарай қашқан, жанында Нариман деген осы болған. Бір жерге келгенде досына әрі қарай жүре алмайтынын айтыпты. Қансырап, сол жолдағы үйлердің біріне кірген. Жедел жәрдемді де сол жерге шақырған.

(…)  Арада бір қыз бар екен. Бәрі келіп соны айтып жатыр. Сол қыз болмаса, Димаш тірі қалар еді», – дейді анасы.

Анасының айтуынша, жедел жәрдем алып кеткен кезде ұлы ес-түссіз жатқан. Оқиға орнына келген полиция жанындағы Нариман есімді досын қамауға алған.

Қаны екі күн жуылмай жатқан

Оқиғаның қай жерде болғанын екі жасөспірімнің отбасы нақты білмейді. Тек жобамен қай аумақта болғанын көрсетті. Әрі қарай оқиға болды делінген гүлзарға бардық. Жарақат алған Дінмұхамед пен досы Нариманның сол жақтан үйге қарай қашқаны белгілі.

Жолай екі жігіт бас сауғалаған үйді таптық. Үй жол жиегіне жақын орналасқан. Үй иесінің сөзінше, сыртқы есік жабық болған, алайда екі жігіт амалын тауып ішке кірген. Түнгі 2 шамасында жедел жәрдем бір жігітті алып кеткен, екінші жігітті полиция оқиға орнында тергеген.

«Үйдің ішінде қан ізі бар екен. Футболкасы мен бас киімі жатты. Екінші жігіт «бізді қуды, осы жерге қашып келдік. Біз кінәлі емеспіз. Жолдас балама пышақ сұғып алды. Есікті бұзып кірдік» деп жатты. Қан сол жерде екі күн жатты. Үшінші күні жуып тастадым. Екі күн бойы ешкім іздеп келмеді. Футболка мен бас киімін қоқысқа тастадым. Себебі қанның иісі шығып кетті», – дейді үй иесі.

Қылмыстық іс қозғалды

Түсірілім барысында қайтыс болған екінші жасөспірім Ешім Қалдыбайдың үйіне де бардық. Бұған дейін жасөспірімге бірден медициналық көмек көрсетілмегені туралы ақпарат тарады.

Марқұмның әкесі Әнуар Қалдыбаевтың сөзінше, бұл жағдайдың ақ-қарасы әлі ашылмаған. Сол себепті тергеу нәтижесі шыққанша күтетінін айтты.

Қылмыстық іс «адам өлтіру» және «бұзақылық» бабы бойынша қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ілмек: алматықылмыстық іс
Бөлісу235ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Автор: Айгерім Таубай
21.07.2026
0

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары қайтыс болған Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс негізінде алдын ала...

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026
0

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамызында өтеді. Осылайша парламент бір палаталы жүйеге көшуге қадам жасайды. FemidaMedia шілдеден...

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Автор: Айгерім Таубай
31.01.2026
0

Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға үкім шыққанына үш жылдан асты. Үкімге сәйкес экс-шенеунік 7 жылға...

Жанар Толыбаева

«Күнде түсіме кіреді»: Теннің өлімі бойынша сотталған Толыбаева алғаш рет сұхбат берді

Автор: Айгерім Таубай
03.06.2021
0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталғандардың бірі Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді....

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

25.12.2025
«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

24.12.2025
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.