Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Femida Media
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
AI News
Ақпарат табылмады
Барлығын көру
Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

Құрылтай және вице-президент: Қазақстанның саяси жүйесінде шілдеден бастап не өзгереді

Айгерім Таубай Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамызында өтеді. Осылайша парламент бір палаталы жүйеге көшуге қадам жасайды. FemidaMedia шілдеден бастап елдің саяси жүйесінде қандай өзгерістер болатынына шолу жасады.

Жаңа Конституция қабылданды

2026 жылдың 15 наурызында елде республикалық референдум өтіп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Соған сәйкес Парламент (Сенат және Мәжіліс) бір палаталы болып, «Құрылтай» деп аталатын болды. Одан бөлек Қазақстанның Халық Кеңесі жаңа консультативтік орган ретінде орнығады және вице-президент институты енгізіледі. 

Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. 

Құрылтай 145 депутаттан тұрады

Парламент палаталары «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңды қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Бәрі пропорционалдық жүйемен, яғни, партиялық тізіммен сайланады. Құрылтай депутатының өкілдік мерзімі – 5 жыл.

Депутат Айдос Сарымның сөзінше, парламенттің бір палаталық жүйесіне сәйкес заң жобалары бір жерде қаралады және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік палатар арасында шашырамайды.

Вице-президент лауазымы енгізіледі

Жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президент лауазымына тағайындалған азамат қандай да бір саяси партияға мүше болмауға тиіс. Сондай-ақ депутат бола алмайды, басқа да лауазымды қызмет атқара алмайды. 

Вице-министр президент тапсырмасы бойынша биліктегі негізгі институттармен жұмыс істейді, азаматтық қоғам, ғылыми және мәдени қауымдастықпен байланысты дамытуға міндетті болады.

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, елді басқару уақытша вице-президентке жүктеледі. Бұл мемлекеттік биліктің барлық институтының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Вице-президент президент өкілеттігін қабылдай алмайтын болса, бұл өкілет Құрылтай төрағасына өтеді. Ал Құрылтай төрағасы да президент өкілеттігін қабылдай алмаған жағдайда, олар премьер-министрге беріледі.

Халық кеңесі деген не?

Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді. Құрамына 126 адам кіреді. Олар:

  • этно-мәдени бірлестіктерден – 42 адам;
  • ірі қоғамдық ұйымдардан – 42 адам;
  • мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден – 42 адам.

Халық кеңесі төрағасын президент тағайындайды. Кеңеске заң шығару бастамасы құқығы беріледі. Ал жиыны жылына бір рет өтеді.

Жаңа Конституцияға сәйкес, кеңес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады.

Ілмек: вице-президентконституция
Бөлісу237ЖіберуБөлісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мас болып көлік айдағандарға 8 жыл жүргізуші куәлігі берілмейді

Мас болып көлік айдағандарға 8 жыл жүргізуші куәлігі берілмейді

Автор: Айгерім Таубай
22.07.2026
0

2026 жылдың 25 тамызынан бастап мас күйде көлік айдағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді құқық бұзушы 8 жылға...

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкентте сот басталмай жатып кейінге қалды

Автор: Айгерім Таубай
21.07.2026
0

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары қайтыс болған Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс негізінде алдын ала...

«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

«Қан иісі шығып кетті»: Алматыда екі жасөспірім қайтыс болды

Автор: Айгерім Таубай
10.05.2026
0

Алматыда екі жасөспірім Дінмұхамед Есенгелді мен Ешім Қасымбек пышақ жарақатынан қайтыс болды. Полиция «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс...

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Бақытгүл Хаменова ісі: қамауға алудан сот үкіміне дейін

Автор: Айгерім Таубай
31.01.2026
0

Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға үкім шыққанына үш жылдан асты. Үкімге сәйкес экс-шенеунік 7 жылға...

Femida Logo

FemidaMedia – Қазақстандағы сот және құқық жүйесінде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер жөнінде ақпарат тарататын сайт.

Әлеуметтік желіде

Соңғы жазбалар

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

Қазақша ым-ишара тілі жеке стандарт болып бекітілмеген: саңырау балалардың тілі орысша шығып жатыр

25.12.2025
«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

«Президенттен қызметімнен босатуын сұрадым»: экс-министр Біртанов сұқбат берді

24.12.2025
  • Жоба туралы
  • Байланыс

© 2026 Femida Media.

Ақпарат табылмады
Барлығын көру
  • Басты бет
  • Сұхбат
  • Жеті жарғы
  • Закон қуаты
  • Қылмыс пен жаза

© 2026 Femida Media.